Суға кеткен павлодарлықтың денесі 4 тәуліктен соң табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 20 шілдеде болған 

Фото: ТЖМ

Павлодарда 1973 жылы туған ер адам шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен. 24 шілдеде оның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Куәгерлердің айтуы бойынша, ол мас болған

Іздестіру жұмысына ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу қосылды. Сүңгуір-құтқарушылар күн сайын екі жүзу құралдарында жұмыс істеді. Сонымен қатар Ертіс өзенінің түбін эхолот көмегімен сканерлеу жүргізілді.

24 шілдеде суға батқан адамның денесі оқиға орнынан 20 шақырым жерден, төменгі ағысы маңайынан табылды. Құтқарушылардың жұмысын су астындағы қатты ағын мен нөлдік көріну жағдайы қиындатты.