Әншінің қызы шетелде жүр
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің орамал таққан суреттерін желіге жүктеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Танымал әншінің қызы, 22 жастағы Мерей Нұрқаділова БАӘ-дегі мешіттердің бірінде жүр. Желі қолданушылары әртүрлі пікір қалдырып, көпшілігі оған бақыт тілеген.
«Мерейдің ниеттері мен дұғалары қабыл болсын», «Түсінбедім, Мерей Меккеге жол тартты ма, қабыл болсын», «Мерей дін жолы ақ болсын, бақытты болсын», «Әкесінен аумай қалған, бақытты бол», - деп жазған көпшілік.