Қорғаныс министрлігінің әскери бөлім командирі пара алды деген күдікке ілінді

Автор: Azattyq Rýhy

Күдіктілердің қатарында оның орынбасары да бар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаменті басшысының орынбасары Данияр Ақуан агенттіктің жедел-тергеу қызметінің нәтижелері туралы айтып өтті. Агенттік өкілінің айтуынша, Алматы облысында 1 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен әскери бөлім командирі ұсталған.

«Қорғаныс министрлігінің Алматы облысындағы десанттық-шабуылдау бригадасының «№32363 әскери бөлімі» РММ-нің жеке құрамын тамақтандыру қызметтерін ұсыну бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезіндегі қамқорлығы үшін ЖШС өкілінен жалпы сомасы 1 млн теңге пара алуда күдікке ілінген аталған әскери бөлімнің командирі мен оның тыл жөніндегі орынбасарын әшкереледі», - деді Данияр Ақуан.