Өрттің себебі анықталып жатыр
Көкшетауда көпқабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, Көкшетау қаласында көпқабатты тұрғын үйдің бір қабатында 9 шаршы метр алаңда үй заттары мен жиһаздар өртенді.
Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында өрт шақырылған сәттен бастап 14 минут ішінде сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.