Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам бұрын сотты болған
Астанада 67 жастағы ер адам бірге тұратын әйелін пышақтап өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсамақ болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқиға елордадағы пәтердің бірінде болған, қатты жанжалдан соң ер адам әйелді пышақтап тастаған. Кейін өзі де қарнын жарып өлмек болған.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді», - деді Байқоңыр ауданының полиция басқармасынан.