Оқиға орнында құтқарушылар таңнан кешке дейін жұмыс істеген
ТЖМ қызметкерлері Әзірбайжан азаматына көмектесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, бүгін Алматы қаласынан Атырау қаласына бара жатқан жүк көлігі жолда топыраққа батып кетті.
Қызылорда облысының құтқарушылары таңертеңнен кешке дейін көлікті үзіліссіз қазып, тұрып қалған жерінен алып шықты. Жүргізуші Әзірбайжан Республикасының азаматы Аббасов Матлаб құтқарушыларға алғысын білдірді.