Қостанайда 62 жастағы ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Алған жарақаттарының салдарынан ол қайтыс болды

Фото: istockphoto.com

Қостанайда 62 жастағы ер адамның өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy alau.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Қостанай қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды.

Полицияға ер адамның бесінші қабаттан құлағаны туралы хабарлама түсті.

Алған жарақаттарының салдарынан ол қайтыс болды. Қазіргі уақытта себебі анықталуда, тексеру жүргізілуде.