Сондай-ақ ол 2 жыл 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды
Қармақшы аудандық сотында өлімге әкелген жол-көлік оқиғасын жасаған шетелдік азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Kzvesti.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Сотталушы «Шымкент-Самара» тас жолында жүк көлігін басқарып келе жатып, басқа жүк көлігін басып озбақ болып, қарсы жолаққа шығып, екінші көлікпен соқтығысқан.
Көліктердің соқтығысуы нәтижесінде жүргізуші дене жарақаттарын алған, ал оның жолаушысы оқиға орнында қайтыс болған.
Сотта айыпталушы өзінің кінәсін мойындап, рөлді басқара алмағандықтан апат болғанын айтты. Ол қайтыс болған адамның туыстарынан кешірім сұрады.
Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ 2 жыл 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.