17 жастағы жігіт өліп кетті
Алматыда 21 жастағы жігіт қызғаныштың буымен 17 жастағы жасөспірімді пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға 18 шілде күні таңертең сағат алты шамасында Томирис шағын ауданында болған.
Олар жасөспірім қыз үшін ұрысып қалған. Күдікті ұсталды, пышақ тәркіленді.
«Шабуылдаушыны қылмыстық полиция қызметкерлері ұстап алды, оларға патрульдік қызмет көмектесті. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады полиция тілшісіне.
Тіл тартпай кеткен жасөспірім жақында 18 жасқа толар еді.