Таразда жол ережесін бұзып, әлеуметтік желіні шулатқан жүргізуші ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

 

Жүргізуші алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады

Видеодан алынған кадр

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Тараз қаласының көшелерінде жол ережесін өрескел бұзған «Mercedes-Benz» маркалы автокөлігінің жүргізушісін анықтады. Ол 21 жастағы Шымкенттік тұрғын болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ПД-ға сілтеме жасап.

Жамбыл облысының полицейлері жүргізушіні анықтап, көлік құралына бағдарлауды Шымкент қалалық ПД-не тапсырып, құқық бұзушыны ұстады.

«Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, 110 760 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабына сәйкес жүргізуші алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады. Көлік құралы арнайы айыптұраққа қойылды», - делінген хабарламада.