Ақтауда жол апатынан зардап шеккен қыз жансақтау бөлімінде жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін бұзып, салдарынан адам денсаулығына зиян келтірген

Фото: istockphoto.com

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қызды Солдатский жағажай маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«2015 жылы туған қыздың жағдайы өте ауыр, ол жабық бас сүйек-ми жарақатын алған. Қазір реанимацияда жатыр», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы.

«Toyota Sienna» автокөлігінің жүргізушісіне жол қозғалысы ережелерін бұзып, салдарынан адам денсаулығына зиян келтірген, көлік құралын немесе басқа да мүлікті бүлдіргені үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік уақытша айыппұл алаңына қойылды.