Жетісу облысында зорлықпен өлген 20 жастағы қыздың денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция тергеу жүргізуде

Фото: Azattyq Rýhy

Жетісу облысында 14 шілде күні 20 жастағы тұрғын жоғалып кеткен болатын. Бірнеше тәуліктен кейін қыздың денесі табылды. Ол зорлық-зомбылық көрген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тергеу мәліметтері бойынша, ол зорланған, содан кейін оны өлтірген. Полиция тергеу жүргізуде.

«Кісі өлтіру және жыныстық қатынасқа қарсы қылмыс жасады деген күдікті ұсталып, қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Өзге деректер жария етілмейді», - деп хабарлады Жетісу облыстық ПД.

 Іс аймақ полиция басшылығының бақылауында.