Теміртауда 4 жастағы бала терезеден құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатыр

Фото: istockphoto.com

Теміртауда бесінші қабаттан төрт жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бала ересектердің қарауынсыз қалып, Теміртаудағы Металлургтер көшесіндегі үйдің үшінші қабатының ашық терезесінен құлады.

«Патриот» арнасының хабарлауынша, бала шұғыл ауруханаға жатқызылған, ол реанимацияда.

Оқиға орнына полиция келді.