$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.07.2024, 09:45
Оқиғалар

Ақтөбеде 172 адамды алдап кеткен алаяққа қатысты үкім шықты

Олар 40 миллион теңгеге жуық қаржыны қалтаға басқан

Ақтөбеде 172 адамды алдап кеткен алаяққа қатысты үкім шықты
Фото: istockphoto.com

Атырауға жұмысқа орналастырып беремін деп, 172 адамнан 40 миллион теңгеге жуық ақша алған екі алаяққа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2022-2023 жылдар аралығында Ақтөбе облысының екі тұрғыны азаматтарды Атырау облысында орналасқан мұнай компаниясына вахталық әдіспен жұмысқа орналастыруға уәде етіп, алдау жолымен әр жәбірленушіден 50-700 мың теңге аралығында ақша алғанын анықтады. Нәтижесінде күдіктілер ұсталып, олардың 172 жәбірленушіні алдаған.

Ақтөбе қаласының №2 соты үкім шығарды.

«Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың жауаптарымен, заттай айғақтармен, сот-экономикалық сараптама қорытындысымен, қылмыстық істегі басқа да дәлелдермен толық расталды. Нәтижесінде сот үкімімен сотталушылар алаяқтық жасауға кінәлі деп танылып, бірі 6 жылға, екіншісі 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сотталғандарға коммерциялық ұйымдарында лауазымдарды атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары