Қордайдағы жаңбыр кезінде 700-ге тарта мал қырылып, жас жігітке қора құлап кеткен

Azattyq Rýhy

 Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ресми ақпарат таратып отыр

Қордайдағы жаңбыр кезінде 700-ге тарта мал қырылып, жас жігітке қора құлап кеткен
Фото: instagram.com/p/C9jMgjuotDQ/

Кеше, 17 шілде күні кешке Жамбыл облысы Қордай ауданына қарасты Бетқайнар ауылында толассыз жауған жаңбырдың арты селге ұласып, 700-ге жуық мал басын су ағызып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланғандай, су таулы жерлерден аққан. Ресми ақпаратқа сүйенсек, ауылдағы «Береке» шаруа қожалығындағы 671 бас ұсақ мал мен 10 бас жылқыны су ағызып әкеткен.

Әкімдіктің ақпаратына сүйенсек, ағын су салдарынан «Соғанды-Бетқайнар» автожолындағы көпір бүлінген. Үйлерде электр жарығы өшіп, 219 үй мен 2 әлеуметтік нысан газдан ажыраған.

«Қатты жел салдарынан 18 жастағы тұрғынға ескі сарайдың қабырғасы құлағаны анықталды. Ол аудандық ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады әкімдік.

Қордай ауданындағы жағдай Жамбыл облысы әкімінің жеке бақылауында.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.