Алматы қаласындағы қоймалардың бірінен шыққан өрт оқшауланды

Автор: Azattyq Rýhy

Өртті сөндіруге ТЖМ Қазавиақұтқару су төгу құрылғысы бар тікұшағы жұмылдырылды

Фото: ТЖМ

Алматы қаласының құтқарушылары Алатау ауданындағы  қоймалардың біріндегі өртті сөндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қ. ТЖД күштері мен құралдары жеткен кезде, Алатау ауданы, Солтүстік айналым, мекенжайында орналасқан сауда бутиктерінің (екі деңгейде орнатылған контейнерлердің) ашық жалынмен жануы анықталды.

«Өрт сөндіру жасақтары оқиға орнына алты минутта жетті. Өрттің кеш хабарлануына және қойманың жану жүктемесінің көп болуына байланысты өрт өрши түскен. Жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды. Өрт сөндірудің бірнеше учаскелері құрылған. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілуде», - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге ТЖМ Қазавиақұтқару су төгу құрылғысы бар тікұшағы жұмылдырылды.

Қазіргі сәтте әуеден 6 рет өрт ошағына су төкті.

Өрт алдын ала 1600 шаршы метр алаңда оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ.

Тегтер: