16.07.2024, 15:45
Оқиғалар
Ақтөбеде 12 жыл бұрын қылмыс жасаған адам Алматыда ұсталды
Полиция алаяқты ұстап, қамауға алды
Фото: istockphoto.com
Полиция 12 жылдан бері іздеуде жүрген алаяқты ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Іздеуде жүрген адам ЖШС директоры бола отырып, 2012 жылы Ақтөбе облысының екі ауданында мал қорымын салуға келісіп, банк арқылы бірнеше траншпен 17 миллион теңге сомасында ақша иеленген. Алайда мал қорымын салу бойынша жұмыс орындалмаған. Барлық ақшаны алғаннан кейін ол қашып кеткен», - делінген ақпаратта.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті мемлекетаралық іздеуге жарияланды.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысындағы ауылдардың бірінде жасырынып жүрген іздеуде жүрген азаматты анықтап, ұстады.
Көп оқылған
30.08.2026, 06:23
Абылайхан Жұбаназар Лозаннада Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлады
30.08.2026, 13:23
Ұлыбританиядан Моңғолияға дейін: Кеншілер күні Қарағандыға 250 мың көрермен жиналды
30.08.2026, 22:21
Кипр жағалауында аударылған кемеде Қазақстан азаматтары бар ма: ҚР СІМ жауап берді
30.08.2026, 08:29
Жезқазғанда өнеркәсіптік кәсіпорын аумағында өрт шықты (ВИДЕО)
30.08.2026, 11:42
Алматыда балконнан шыққан өрт дүңгіршекке жайылды: бір адам зардап шекті