Алматыда тағы да автобус апаты: 9 адам зардап шекті

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл жолы жүк көлігімен соғысқан 

Фото: t.me/almatynews_kaz/

16 шілде күні таңертең Алматыда жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соғысты. Салдарынан тоғыз адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі апат Наурызбай ауданында сағат 09:15-те болғанын хабарлады.

«Жүк көлігінің жүргізушісі Әшімов көшесімен солтүстік бағытта, Шаляпин көшесінің солтүстігінде, аялдама кешеніне тоқтаған №137 маршруттық автобуспен соқтығысқан. Соқтығысу нәтижесінде автобус инерция арқылы Шығыс жолға шығып, жеке үйдің қоршауына соғылды. Апат салдарынан автобустың тоғыз жолаушысы зардап шекті», - делінген ведомствоның ресми хабарламасында.