Астанада патрульдік полицей тұрғын үйдегі өрттің алдын алды

Автор: Azattyq Rýhy

Өрт дер кезінде ауыздықталды

Фото: Polisia.kz

Күндіз Ақыртас көшесінде патрульдік полиция қызметкері жеке үйлердің бірінің мұржасынан қою түтін шығып жатқанын байқаған. Оқиға орнына дереу жеткен ол тұрғындарды эвакуациялауға кіріскен, деп хабарлайды  Azattyq Ruhy қалалық ПД-ға сілтеме жасап.

«Жоғары кәсібилік таныта отырып, адамдарды қауіпті аймақтан шұғыл түрде алып шығып, содан кейін ғимараттың шатырына өрмелеп өртті сөндіру үшін қолда бар құралдарды пайдаланған. Өрт дер уағында ауыздықталып, одан әрі таралуына жол берілмеді», - делінген хабарламада.

Полиция капитаны Жарқынбек Шонтықов ішкі істер органдарында 12 жылдан астам қызмет етеді. Ол өзін жоғары білікті және жауапты қызметкер ретінде танытты.