Алматыда қоқыс пакетінен баланың денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция қылмыстық іс қозғады

Фото: istockphoto.com

Алматы зауыттарының бірінде қоқыс пакетінде жаңа туған нәрестенің өлі денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

14 шілдеде Алматыдағы зауытта қоқысты сұрыптау кезінде жұмысшылар жаңа туған баланың өлі денесі жатқан пакетті тапты. Полиция қылмыстық іс қозғады.

«Баланың анасының жеке басы және басқа жағдайлар анықталады. Сараптама тағайындалды», - деп жауап берді Алматы ПД.