Көңілдесін бауыздап қашқан ер адам ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға Ташкентте болды

Фото: istockphoto.com

Ташкентте ер адам бірге тұратын әйелін бауыздап тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Uznews хабарлауынша, оқиға Янгихает ауданында болды. Ер адам әйелдің екінші күйеуі болған және онымен заңсыз некеде тұрған. Олардың ортақ бір баласы бар.

«Ол оны жиі қызғанатын. Бұл олардың алғашқы төбелесі емес, олар үнемі ұрысатын. Ер адам 19 жерінен пышақ сұққан, тамағын бауыздап тастаған», - деді куәгердің бірі.

Өзбекстан ҚК 97-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (қасақана кісі өлтіру). Күдікті ұсталды.