Жоғалған екі әйел мен екі қызды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр
Қырғызстанның Ош қаласында сел кезінде жоғалып кеткен 7 жасар қыздың денесі Өзбекстан аумағынан табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әндіжан қаласындағы (Өзбекстан Республикасы) Шахрихонсой суару каналынан 2017 жылы туған Н.С.-ның денесі табылды.
Баланың денесі «Достық» бақылау-өткізу бекетінде қырғыз тарапына берілді. Жоғалған екі әйел мен екі қызды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
14 шілдеде Ошта төтенше жағдай режимі енді.