Адам өлтіруге оқталған күдікті Грузиядан экстрадицияланды (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 2022 жылдан бері іздеуде болған

Фото: видеодан скриншот

Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Грузиядан адам өлтіруге оқталған күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күдікті бұрын қарақшылық жасағаны үшін сотталған. 2022 жылы тамызда ол Теміртау қаласында жәбірленушіге пышақпен дене жарақаттарын келтірген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті тергеуден жалтарып, халықаралық іздеуге жарияланған.

2023 жылғы қазанда ол Грузияда ұсталды.

«Бас прокуратураның сұрауы бойынша Грузия тарапы оны Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазір ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды», - деп хабарлады прокуратура.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.