Оларға медициналық көмек қажет болмады
Павлодар облысында 1997 жылы туылған жігіт пен 2000 жылы туылған қыз бала тауға көтеріліп, күн батқаннан кейін олар өздігінен түсе алмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Оқиға орнына дереу 5 құтқарушы жіберілді. 700 метр биіктіктен альпинистік жабдықтың көмегімен демалушылар төменге түсірілді. Оларға медициналық көмек қажет болмады», - делінген хабарламада.
Бұған дейін, құтқарушылар «Ақбет» тауына көтеріліп, өздігінен түсе алмаған 50-жастағы ер адамға таудан түсуге көмектесті.