Әртүрлі жарақаттармен 11 адам медициналық мекемеге жеткізілді
Автобус пен минивэн Алматы - Екатеринбург автожолында соқтығысып, салдарынан 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аймақтық ПД мәліметінше, Toyota Estima автокөлігінің төрт жолаушысы мен автобустың бір жолаушысы оқиға орнында қайтыс болған.
«Әртүрлі жарақаттармен медициналық мекемеге 11 адам жеткізілді. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізілуде», – деп хабарлады Қарағанды облысының ПД.