Жетісу облысында 4 жасар бала құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бала демалыс орнынан 6 шақырым қашықтықта, көлдің жағалауында табылды

Фото: istockphoto.com

Бүгін Сарқан ауданында Балқаш көлінде ересектердің қарауынсыз қалған 2020 жылы туған бала демалыс аумағынан өз бетінше шығып, адасып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іздестіру операциясы барысында бала демалыс орнынан 6 шақырым қашықтықта, көлдің жағалауында табылды.

Құтқарушылар баланы анасына тапсырды.

Ол медициналық көмекке мұқтаж емес еді.