Тағы бес адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді
Жамбыл облысындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.
Жол апатынан бес адам көз жұмып, тағы бес адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Қайғылы оқиға «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолында болған.
Бүгінде қылмыстық іс қозғалып, жедел тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында.