Маңғыстау облысында әйел мен бала құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оларға медициналық көмек қажет болмады

Фото: freepik.com

Маңғыстау облысында Каспий теңізіне батып кете жаздаған әйел мен бала құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін Қарақия ауданында Каспий теңізінің жағалауын патрульдеу кезінде ТЖМ құтқарушылары 2003 жылы туған жас келіншек пен 2015 жылы туған баланы құтқарып, жағаға жеткізді», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, оларды ағын үрлемелі шеңбермен жағадан алысқа алып кеткен. Медициналық көмек қажет болмады.