Ақмола облысында мобильді байланыс компаниясының қызметкері 32 метр биіктен құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Ер адам үш метр төмен орналасқан құрылыс алаңына құлап, аяғын сындырып алған

Фото: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақмола облысында биіктігі 32 метр мұнараның төбесінен құлап, аяғын сындырған мобильді байланыс компаниясының қызметкері құтқарылды. Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖД мәліметінше, жазатайым оқиға Целиноград ауданының Ақмол ауылында болған. Жылу орталығының биіктігі 32 метр мұнарасының жоғары тұсында орналасқан ұялы байланыс антеннасын жөндеу кезінде мобильді байланыс компаниясының қызметкері абайсызда құлап кеткен.

«Ер адам үш метр төмен орналасқан құрылыс алаңына құлап, аяғын сындырып алды. Зардап шеккен адамды Ақмола облысы ТЖД құтқарушылары автокранның көмегімен жерге түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды», - делінген хабарламада.