Алматыда вейп сатумен айналысқан күдікті ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тыйым салынған тауарлар тәркіленді

Фото: polisia.kz

Алматыдағы Әуезов ауданында жедел алдын алу іс-шарасы барысында 21 жастағы ер адам ұсталды. Күдіктіде өзімен бірге 30 электронды вейп болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ол тыйым салынған затты қашықтықтан сатқан.

Тыйым салынған тауарлар тәркіленді.

Ұсталған азаматтың әрекетіне алда құқықтық баға берілетін болады.