Ақтөбеде екі жарым жастағы сәби үшінші қабаттан құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Ес- түссіз күйде облыстық ауруханаға жеткізілген

Фото: astanatv.kz

Ақтөбеде екі жарым жастағы сәби үшінші қабаттан құлап кетті. Ауыр жарақат алған бала қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.

Екі жарым жастағы сәби 12 мөлтек аудандағы көпқабатты үйлердің бірінің үшінші қабатынан құлаған. Бала москиттік торға сүйенемін деп жазым болды. Ес- түссіз күйде облыстық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер қазір баланың жағдайы ауыр дейді.

«Жарақат алған бала үшінші қабаттан москиттік тордан құлаған. Жағдайы өте ауыр сақталуда. Бала жасанды вентиляцияда жатыр. Комада. Интенсивті терапия жалғасуда», - деді көпсалалы облыстық балалар ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Гүлжамал Абдуллаева.