Қостанайда өртеніп жатқан тұрғын үйден екі газ баллоны шығарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің себебі анықталуда

Фото: t.me/qr_tjm

Қостанайда өртеніп жатқан тұрғын үйден екі газ баллоны шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, Қостанай қаласында төрт пәтерлі тұрғын үйде 80 ш.м алаңда үш пәтердің шатыры өртенді.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында оттың таралуына жол берілмеді. 2 газ баллон қауіпсіз жерге шығарылды.

Өрт толықтай сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі анықталуда.

ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.