ЖШС абаттандыру жұмысын жүргізбеген
Шымкент қаласының экономикалық сотының шешімімен мемлекеттік мекемеге шарттық міндеттемелерін орындамаған ЖШС-тен бюджет қаражатын өндіріп алудан бас тартылған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 56 млн теңгеден астам бюджет қаражаты мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Шарт бойынша ЖШС Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталықты абаттандыру жұмыстарын жүргізу міндетін алған, алайда бұл міндеттемені тиісінше орындамаған. Прокурордың наразылығы бойынша апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жойып, бітімгершілік келісімін бекіту туралы шешім қабылдады», - деп хабарлады Шымкент қаласы прокуратурасы.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде бөлінген бюджет қаражаты толық мемлекетке қайтарылды.