ШҚО-да жанып жатқан үйден балалар құтқарылды (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің себебі анықталып жатыр

Фото: видеодан скриншот

Бүгін ШҚО Самар ауданы Самар ауылында жеке тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ТЖБ бастығының м.а. Данияр Бакиргалов пен 32-ӨСБ жүргізушісі Айбек Садықтың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында терезе арқылы 2011 және 2021 ж.т. екі бала құтқарылды», - деп хабарлады ТЖМ.

Өрт толығымен сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.