Мопедті көбіне жасөспірімдер басқарады
Елордада мопед жүргізушілердің кінәсінен туындаған жол-көлік оқиғалары тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалада бір күнде мопедтердің кінәсінен үш жол-көлік оқиғасы орын алып, екі дөңгелекті жүргізушілер, оның ішінде 17 жастағы жасөспірім түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
«Елордада «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы 9-12 шілде аралығында өтіп жатыр. Операция басталғалы бері 1300-ге жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды. Белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін 400-ден астам жүргізушіге айыппұл салынып, автоматты анықтау құралдары арқылы тіркелсе, жолаушыларды тасымалдау және қауіпсіздік белдігін тағу ережелерін сақтамаған 180-ге жуық жүргізуші белгілі болды. Жедел профилактикалық іс-шара кезінде 200-ден астам көлік коммуналдық тұраққа қойылды», - деп хабарлады ІІМ.