Өрттің себебі анықталуда
Ақтөбеде көпқабатты үйде орналасқан дүкеннен өрт шығып, 7 адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, Ақтөбе қаласында тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы азық-түлік дүкенінде 4 ш.м. алаңда тоңазытқыш өртенді.
«Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында өрт шақыру түскен сәттен бастап 20 минут ішінде жойылды. ТЖМ күшімен баспалдақ маршымен 7 адам құтқарылды, оның ішінде 3 бала, жоғарғы қабаттардан 5 бала және 11 ересек эвакуацияланды», - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.