Әйелінің бірінші некеден туған 3 жастағы ұлын өлтіріп қашып кеткен ер адам ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция қылмыстық іс қозғады

Фото: UzNews.uz

Ташкентте 9 шілдеде бірге тұратын ер адам мен әйел арасында жанжал шығып, оқиға бала өлімен аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

UzNews.uz хабарлауынша, Ташкент Бас прокуратурасы оқиғаның мән-жайын зерттеуде. Ашуланған 31 жастағы ер адам өзінің сүйіктісінің үш жасар ұлын бірнеше рет пышақтап, қашып кеткен.

Бала оқиға орнында қайтыс болды.

Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады, күдікті ұсталды.