Ол аулада самокат теуіп жүрген
Алматыда аулалардың бірінде кішкентай баланы көлік қағып кетті. Бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігіне.
«Оқиға Бостандық ауданында Орбита-3 ықшам ауданында болды. Subaru автокөлігі аула ішінде жүріп бара жатқан. Жүргізуші солға бұрылмақ болған. Сол сәтте көліктің алдынан самокат тепкен бала шығып қалған. Көлік жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, баланы қағып кетті. 2017 жылы туған бала жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды», - деп жазылған ақпаратта.