СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы ұсталғанын растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Әділет Мұстафинов 1 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.
Антикор тергеу жүргізіп жатқанын растады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында СҚО бойынша ҚАЖД бастығы ұсталғанын растайды», - деп жауап берді ведомство.
Өзге ақпарат алдағы уақытта жария етіледі, деп уәде етті Антикор.