Маңғыстауда 6 жасөспірім қолдан жасалған қайықпен ашық теңізге кетіп қалған

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың бәрі құтқарылды

Фото: видеодан скриншот

Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауынан 1,5 шақырым қашықтыққа жүзіп, қайта алмаған 6 жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олар қолдан жасалған жүзу құралын қолданған.

«ТЖМ қызметкерлері Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауынан 1,5 км қашықтықта қолдан жасалған жүзу құралымен жағадан алыс жүзіп қайтып келе алмаған 17-19 жас аралығындағы 6 жасөспірімді құтқарып, жағалауға жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады», - деп хабарлады ТЖМ.

ТЖМ еске салады:

  • құтқару кеудешесін киіңіз;
  • жүзу құралын ішімдік ішкен күйінде басқармаңыз;
  • балаларды бір минутқа да қараусыз қалдырмаңыз.