Жүк көлігі жүргізушілеріне 100 млн теңге айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Елімізде 450 мыңнан астам жүк көлігі тіркелген

Фото: istockphoto.com

Көлік министрлігі ауыр салмақты көлікті қолға алып, оған бақылауды күшейтті. Рейдтер бүкіл ел бойынша жүргізілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстанда ресми түрде 450 мыңнан астам ауыр жүк көлігі тіркелген. Оның ішінде 25 тонна жүк тасымалдауға рұқсат етілген 60 мыңнан астам самосвал бар. Алайда, іс жүзінде бұл норма жиі бұзылады.

Еліміз бойынша норманы бұзғаны үшін 293 жүргізуші жазаланды. Олар жалпы сомасы 100 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Мұндай заң бұзушылықтың көбі Маңғыстау, Ақтөбе және Жетісу облыстарында анықталды.