Алматыдағы мердігер компания мемлекетке 1,67 миллиард теңге залалын өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Қорғаныс министрлігінің тапсырысы орындалмаған 

Фото: ratel.kz

Бас әскери прокуратураның қадағалау шараларымен мемлекетке миллиард теңге залал өтелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Қорғаныс министрлігінің «K-Dorstroy» АҚ-на 1 млрд 36 млн теңге көлемінде аванстық төлем және 31 млн теңге сомасында тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылды.

Аталған АҚ Алматы облысының Іле ауданындағы «Жетіген» аэродромының ұшу алаңына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндеттенген, бірақ келісім шарттарын орындамаған.

Сот шешімін ұзақ уақыт орындамауына байланысты Бас әскери прокуратура бірқатар шаралар қабылдап, әділет органдарына қадағалау актісін енгізді.

Нәтижелері бойынша залал толық көлемде өтелді: борышкер мемлекет кірісіне 1 млрд 67 млн теңге аударды.