Маңғыстау облысында «Бірлестік-2024» өңірлік халықаралық оқу-жаттығуы өтеді.
Маңғыстау облысына «Бірлестік-2024» халықаралық оқу-жаттығуларына қатысу үшін Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан әскери контингенттері келді. Әскери қызметшілерді Ақтау қаласының Әскери-теңіз базасының порты мен әскери әуеайлағында салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әскери жаттығу Оймаша полигонында және Тоқмақ мүйісінен екі шақырым жерде өтеді.
Әзірбайжан күзетші және орта амфибиялық кемелерді, ал Өзбекстан армия авиациясының тікұшақтарын жөнелтті. Теңіз жаяу әскерлері мен арнайы күштер де қатысады деп күтілуде.
Әскерилер террористер «басып алған» аралды босату, Каспийдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инфрақұрылымды қорғау жөніндегі операцияларды пысықтайды.
Еске салайық, Маңғыстау облысында «Бірлестік-2024» өңірлік халықаралық оқу-жаттығуы өтеді. 8-17 шілде аралығында әскери контингенттер қарулы қақтығысты оқшаулау бойынша бірлескен операция дайындап, жүргізеді. Оқу-жаттығуға 4 мыңға жуық әскери қызметші және 700-дей қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылатын болады.