Төтенше жағдайлар министрлігі судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды
Ақтөбе облысының құтқарушылары жасөспірімді құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, 15 жасар жасөспірім Елек өзенінің жабдықталмаған жерінде шомылып, жағадан алыс жүзіп, өздігінен орала алмаған.
«Ақтөбе облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Әлішер Құттыбаевтың жедел әрекеттерінің арқасында жасөспірім құтқарылды», - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігі судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.