Қарағандыда 15 жастағы жасөспірім жарылғыш зат туралы жалған хабар таратты

Azattyq Rýhy

Қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыда 15 жастағы жасөспірім жарылғыш зат туралы жалған хабар таратты
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Қарағандыда жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген жасөспірім анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

9 шілде күні сағат 13.45 шамасында Қарағанды облыстық полиция департаментінің кезекші бөліміне белгісіз біреу қоңырау соғып, Қарағанды қаласында орналасқан ЦУМ сауда үйінде жарылғыш зат орнатылды деп хабарлаған.

Оқиға орнына бірден барлық жедел қызмет жұмылдырылды.

Полиция қызметкерлері сауда үйінен 230 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Сауда үйі тексеріліп, ол жерден жарылғыш зат анықталған жоқ. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 15 жастағы жасөспірім ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Терроризм бойынша жалған көрнеу ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетінін еске саламыз», - деп хабарлады полиция.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.