Олардың бәрі дін аман
Абай облысы Алакөл көлінде 4 адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін Алакөл көлінде патрульдеу кезінде Семей қ., Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Болатбек Мұхатов пен Нұрлан Күйшібаев 2 ересек пен 2 баланы құтқарды. Олар катамаранмен жүзу кезінде жағадан алыс жүзіп, орала алмады», - деп хабарлады ТЖМ.
Қазіргі уақытта құтқарылғандардың жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес.