Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы
Ақтау қаласында автокөліктің өртенуі кезінде әйелді күйік шалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, оқиға 9-шы және 10-шы шағын аудандар арасындағы жолда болған.
«Жол бойында жолаушылар көлігінің толық жануы орын алды. Өрттің салдарынан әйел термиялық күйік алды. Оған апаттар медицинасының орталығының қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, үйіне жіберілді», - деп хабарлайды Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 6 қызметкері мен техниканың бір бірлігі жұмылдырылды.
Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өрт сәті видеоға түсті.