ТЖМ барлық азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады
Ақмола облысында суға батып бара жатқан әйел құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, Көкшетау қаласында Қопа өзенінде патрульдеу барысында жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Муса Карбай суға батып бара жатқан 1984 жылы туған әйелді судан алып шықты.
Қазіргі уақытта құтқарылған әйел адамнын жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес.
ТЖМ барлық азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады.