Оны су ағысы жағадан алысқа алып кеткен
Ақтөбе облысында 22 жастағы жігіт құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, Ақтөбе қаласының Елек өзенінің жағалауын патрульдеу кезінде Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2002 жылы туған ер адамды құтқарып, жағаға алып шықты.
Белгілі болғандай, 22 жастағы азаматты үрлемелі қайықпен су ағысы жағадан алысқа алып кеткен.
Ер адамға медициналық көмек қажет болған жоқ.