Жерлеу рәсімін Қырым татарларының диаспорасы өз мойнына алды
Киевте Айдос Садықовтың жерлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жерлеу рәсімін Қырым татарларының диаспорасы өз мойнына алды. Мұсылмандық әдет-ғұрыптар бойынша өткен қоштасу рәсіміне 50-ге жуық адам қатысты.
18 маусымда Киевте азаматтық белсенді, «Бәсе» YouTube арнасының авторына қастандық жасалды. Ол 13 күннен кейін ауруханада қайтыс болды.